Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құқығыңды біл!

Қазіргі қоғамда құқықтық сауаттың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Себебі күнделікті өмірде адам түрлі құқықтық жағдайларға тап болуы мүмкін. Оның үстіне интернет пен цифрлық технологиялардың дамуы алаяқтықтың жаңа түрлерін дүниеге әкелді. Ауданда осы мәселелерге байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жөнінде, аудандық полиция бөлімінің аға-жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Жауқаштың айтуынша, интернет алаяқтық пен киберқауіпсіздікке қатысты «Арман» мәдениет үйінде үлкен шара болып өтті. Адамның жеке дерегін, банк картасына қатысты мәліметтерді бөтен адамға бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау, бейтаныс қоңырауларға сақтықпен қарау – қазіргі заманның қарапайым қауіпсіздік ережелеріне айналды. Сонымен қатар, аудандық орталық кітапханада өткен «Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарының бірі.

Кездесуге сот, құқық қорғау саласының мамандары, жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысып, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты. Мұндай шаралардың құндылығы – заң баптарын жай ғана оқып беруде емес, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдайларды түсіндіруінде. Құқықтық сауаты жоғары адам алаяқтың арбауына түспеуге, өз құқығын қорғауға және заңсыз әрекетке дер кезінде баға беруге бейім болады.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT