«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық тұжырымдамасы аясында Исатай ауданына қарасты Зинеден ауылдық округінің Амангелді елді мекенінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі іске ауыл тұрғындары белсене қатысып, ауылдық кітапхана айналасын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ мәдениет ошағының аумағын ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. Тұрғындар туған жердің тазалығы мен көркеюіне ауызбірлікпен жұмыла кірісті.
Мұндай бастама ауылға деген жанашырлықты арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді. Тазалық әр адамның өз ауласы мен айналасына деген құрметінен басталады. Ауылдың ажары да осындай ортақ еңбектің нәтижесінде артады.
Нұрайби БАЙНҰР
Исатай ауданы




