Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Кибералаяқтықтан сақ болыңыз: полицейлер ескерту жұмыстарын жүргізді

 

 
 
(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Halyk Bank АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында алаяқтардың кең тараған әдістері, банк карталары мен шоттарына қатысты қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысының аумағында 500-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, олардың 100-ге жуығы сотқа жолданды.

 Осы орайда, полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және ақша аударуға асықпауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT