Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Халықаралық «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жиынының облыстық кезеңі өтті

Атырау облысы Білім беру басқармасы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында 2026 жылы 16-сәуірде Халықаралық «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жиынының іріктеу облыстық кезеңі ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара облыс жастарының патриоттық рухын нығайту, әскери-спорттық дайындық деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.
Жиынға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен әскери-патриоттық клубтардың үздік 13 команда қатысып бақ сынасты. 
Іс-шара барысында жастардың командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге және жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп,жеңіпаз команда «Сармат» мектебінің оқу-жаттығу базасында тәжірибелік дайындықтан өтеді.
Қала мектептерінен 200-ден астам оқушы қатысып, өздерінің ептілігі мен әскери дайындықтарын, нағыз командалық рухтарын көрсетті.
 Жиын қорытындысы бойынша:
 І орын – Құрманғазы ауданы
 ІІ орын – Индер ауданы 
 ІІІ орын – Жылыой ауданы
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейтіп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT