Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Миялы ауылдық округі бойынша ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекен аумағын көркейту мақсатында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шара ауыл тұрғындарының тазалыққа деген жауапкершілігін арттырып, ортақ мекеніміздің ажарын аша түсуге бағытталды. Сенбілік барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, жол жиектері, ауыл маңы, сондай-ақ ескі және жаңа қоқыс алаңдарының аралығы толықтай тазартылып, шашылған тұрмыстық қалдықтар жиналды. Жиналған қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылып, аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылды.

Алдағы уақытта да абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, ауыл келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқын ала бермек.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT