Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде Әл-Азхар университетінің түлегі, исламтанушы Жексенбай Торбаймен кездесу өтті.
Оған аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов және аудан жастары қатысты. Шараны ашқан аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ризабек Амантай кездесу барысына тоқталды. Кездесу барысында, исламтанушы Жексенбай Жұмаділлаұлы деструктивті діни ағымдардың зардабы, ислам ілімі, рухани тәрбие, жастар тәрбиесі және қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Жастардың қойған сұрақтарына исламтанушы кеңінен жауап берді.
Ендеше, осындай рухани кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, дұрыс бағыт-бағдар алуына үлкен әсер береді.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА


