Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Кент тазалығы - өзекті мәселе

 Алғашқы мәселе бойынша Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы Қайыржан Нұриев баяндама жасады. Айтуынша, биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Агрострой Индер» ЖШС келісімшарт негізінде кент аумағын санитариялық тазалау жұмыстарын жүзеге асырады.

Аталған қызметтерге жергілікті бюджеттен 197 075,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Серіктестіктің атқаратын жұмыстары Индербор кентінің барлық көшелерін, автомобиль жолдарының жүріс бөлігін, тротуарларды және жалпы пайдаланылатын орындарды таза ұстауды қамтиды. Оның ішінде көпқабатты үйлердің аулалары, көшелер, саябақтар, скверлер, аллеялар, жасыл желек аумақтары, автобус аялдамалары, балалар және спорт алаңдары, кент тұсындағы Жайық өзенінің жағалауы қоқыстардан, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан, кесілген ағаш бұтақтарынан, қардан және өзге де қалдықтардан күнделікті тазартылып, жиналып, тиеліп, арнайы полигонға шығарылуда.

Сонымен қатар тапсырыс берушімен келісімге сәйкес көктемгі-күзгі кезеңде көше жарығының металл және темірбетон тіректері, қазақы ою-өрнектер, орындықтар, урналар мен металл қоршаулар сырлануда. Автомобиль жолдары бойындағы және көп қабатты үйлер аулаларындағы бордюрлерді, гүлзарларды, сәндік элементтерді, шағын сәулет нысандарын, орындықтарды, урналар мен қоршауларды бояу, әктеу және техникалық сумен жуу арқылы тазалау жұмыстары жүргізілуде.

 Индербор кенті көшелеріндегі еріген суларды арнайы вакуумдық техникамен сору, көктемгі-күзгі кезеңде суағарларды балшық пен қоқыстан тазарту жұмыстары да тұрақты түрде атқарылуда. Биылғы 1 мамырдан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде күніне 2 мәрте Индербор кентінің барлық асфальтталған автомобиль жолдарын техникалық сумен, сондай-ақ Жайық өзені арқылы өтетін орталық көпірдің жүру бөлігіне су шашуды жүргізуде. Сондай-ақ таудағы карьерлер мен Индер тұзды көлі аумағында және оған апаратын жолдар бойында пайда болған стихиялық қоқыс орындарын жою, Индербор-Атырау, Индербор -Қызылқоға және Индербор-Батыс Қазақстан бағыттарындағы жолдардың кент аумағына іргелес 100 метр бөлігін санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Полигон аумағының периметрі бойынша орналасқан 20 гектар аумақтағы ретсіз қоқыс үйінділерін жою, төтенше жағдайлар кезінде арнайы техникамен қамтамасыз ету де келісімшарт аясында қарастырылған. Бұдан бөлек, ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде қураған, апатты жағдайдағы, зақымданған және ауруға шалдыққан бұтақтарды кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр, байланыс және газ желілеріне төнетін қауіптің алдын алу шаралары қамтылған. Сенбіліктер өткізу кезінде аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және жиналған қоқысты тасымалдауға арналған арнайы техниканы ұсыну да мердігер мекеменің міндетіне жатады.

 С.Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT