Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ": БІЛІМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы— еліміздің білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған іргелі бастама. Бірегей жобаның басты мақсаты — оқушыларға халықаралық талапқа сай білім беру кеңістігін қалыптастыру, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және әр баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау.

Бұл жоба аясында бой көтерген мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, оқу кабинеттері жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалуда. Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа мектептер балалардың сапалы білім алуына, қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, шалғай тұрғын алаптардағы білімге қолжетімділік мәселесін де кезең-кезеңімен шешіп келеді. Ақтөбе қаласындағы Жаңақоныс-2 тұрғын алабындағы №85 орта мектеп— осы игі бастаманың нақты нәтижесін көрсетіп отырған білім ордасының бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT