Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстандық мектеп директорлары Қытайдың білім жүйесіндегі ЖИ тәжірибесін меңгерді

 

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық мектеп директорлары Қытайда өткен халықаралық семинарда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің озық тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

 

в
Фото: Видеодан алынған скрин

Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен «Жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесінде қолдану» халықаралық семинарына Қазақстаннан «Келешек мектептері» жобасының 50-ге жуық директоры қатысты.

Семинар барысында қатысушылар қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасып, білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи тәсілдерін зерделеді. Сондай-ақ цифрлық шешімдерді пайдалану, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу және мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы тиімді ынтымақтастық үлгілерімен танысты.

«Семинар қорытындысы бойынша зерделенген тәжірибелерді "Келешек мектептерінің" жұмысына кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда», – деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, Бурабай қазақстандық жастардың ғылыми алаңына айналды.



https://kaz.inform.kz/news/kazakstandik-mektep-direktorlari-kitaydin-blm-zhuyesndeg-zhi-tazhribesn-mengerd-2a2135d3

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT