Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚАЗАҚСТАНДА ӨҢІРЛІК КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН CREATIVE AIMAQ ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

Астана қаласында өңірлік креативті индустрияларды дамытуға бағытталған Creative Aimaq жобасы бастау алады Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастыратын Creative Aimaq жобасы еліміздің өңірлік шығармашылық әлеуетін, жергілікті брендтер мен мәдени бастамаларды Астана жұртшылығы мен қала қонақтарына кеңінен таныстыруға бағытталған.

Жоба аясында Елордадағы Qazaq Creative Hub алаңында көрмелер, шеберлік сағаттары, мәдени бағдарламалар және жергілікті өндірушілердің өнімдерін таныстыру іс-шаралары өтеді.

Жобаның алғашқы аптасы Ақмола облысына арналады. 11-14 маусым аралығында өңірдің креативті индустрия өкілдері өз өнімдерін, авторлық жобаларын және шығармашылық жетістіктерін Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады.

Бүгінде Ақмола облысында креативті индустрия саласында 1 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан тіркелген. Өңірдегі неғұрлым дамыған бағыттардың қатарында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, компьютерлік ойындарды шығару, тоқыма және тігін өндірісі, ұлттық киім тігу, сондай-ақ кәдесый дайындау бар.

Жоба аясында келушілер өңір шеберлері мен өндірушілердің бірегей өнімдерін сатып ала алады.

Баршаңызды жоба аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

#qazaqcreative

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT