Атырауда өтіп жатқан халықаралық «Қазыналы Каспий» балық форумында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Сәрсенбай Сермағамбетов елімізде аквамәдениет саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Оның мәліметінше, 2021 жылдан бері балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны төрт есе көбейіп, 700-ге жеткен. Қазіргі таңда бұл шаруашылықтар жылына 26 мың тоннаға дейін тұқы, бекіре және албырт тұқымдас балық өсіреді. Сондай-ақ елімізде жалпы құны 60 млрд теңгені құрайтын 40-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.



