10-12 тамыз аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында: мас күйінде көлік басқару; белгіленген жылдамдықты асыру; қарсы қозғалыс жолағына шығу; жаяу жүргіншілерге жол бермеу; көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану; қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылады. Жолдағы бір ғана жауапсыз әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Барша жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолдағы қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырамыз! Қауіпсіз жол – ортақ міндет!



