Атырауда өтіп жатқан «Қазыналы Каспий» балық фестивалі аясындағы ғылыми-тәжірибелік форумда NCOC компаниясының қоршаған ортаны мониторингілеу жөніндегі жетекші инженері Сағиден Ербөлеков Каспий итбалығын сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Оның айтуынша, 2019–2024 жылдары қазақстандық және ресейлік ғылыми ұйымдардың қатысуымен халықаралық зерттеу бағдарламасы жүзеге асырылған. Зерттеулер барысында итбалық популяциясының жағдайы, денсаулығы және қысқы мұзжарғыш навигацияның әсері зерделенген. Сондай-ақ авиациялық бақылаулар жүргізіліп, жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғауға бағытталған шаралар қабылданған.
Нұргүл Насыр




