Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қызылқоға ауданы аумағында сәуір айының 10-17 күндері аралығында республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында тіркелген атыс қаруы бар азаматтардың қаруды сақтау талаптарының заңнамаға сәйкестігі тексеріледі.

Осыған байланысты азаматтардан азаматтық атыс қаруларының дұрыс сақталуын, сондай-ақ сақтау және алып жүруге берілген рұқсат құжаттарының мерзімін қадағалауды сұраймыз. Сонымен қатар, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына заңсыз айналымдағы, тіркелмеген немесе құжатсыз сақталып келген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсыру мүмкіндігі бар екенін ескертеміз. Қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT