Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 15 шілде мен 31 шілде аралығында республика аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық және қызметтік қарудың заңды айналымына бақылауды күшейту, қаруды сақтау және пайдалану қағидаларының сақталуын тексеру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Осыған байланысты, атыс қаруының иелерінен қаруды және оқ-дәрілерді сақтау талаптарын қатаң сақтауды, рұқсат құжаттарының мерзімін уақытылы қадағалауды ескертеміз.
Егер заңсыз сақталған немесе тіркелмеген қару туралы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, полицияға хабарлауларыңызды сұраймыз. Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!



