Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қарсы жолаққа шығып, өзгелерге қауіп төндірді: 20 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған жүргізуші анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылды.

30 қыркүйек күні сағат 23:30 шамасында 2006 жылы туған азамат «Chevrolet Monza» автокөлігімен Курилькино ауылы маңындағы теміржол өткелінде қарсы бағытқа шығып, өзге көлік жүргізушілеріне апаттық жағдай туғызған.

Сонымен қатар жүргізуші теміржол өткелінен өту тәртібін және жол белгілерінің талаптарын бұзған.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама рәсімделіп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

 Жолдағы мұндай өрескел әрекет бір сәтте қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Полиция жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген құқық бұзушылыққа қатаң шара қолданады.

Атырау қаласының Патрульдік полиция басқармасы әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіп, анықталған жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректерінің әрқайсысына құқықтық баға береді.

 

Жол ережесін сақтау – таңдау емес, әр жүргізушінің міндеті.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT