Көктемгі кезеңде еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету және су басу қаупінің алдын алу мақсатында 4 наурыз күні Миялы округі бойынша «Қызылқоға сервис» мекемесінің техникалары мен жұмысшылары ауыл ішіндегі су жиналатын аумақтарда қар тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалау барысында арнайы техникалардың көмегімен көшелер мен су жиналуы мүмкін жерлердегі қар шығарылып, арықтар мен су ағатын жолдар ашылды. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі кезеңде қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін жүйелі түрде жалғасатын болады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ


