Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қаланың бас полицейі учаскелік полиция бекеттерінің жұмысын тексерді

Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Касанов Айдар Демегенұлы қала аумағындағы учаскелік полиция бекеттерінің жұмысын тексерді.

Тексеру барысында полиция полковнигі №14, №29, №27 және №11 учаскелік полиция бекеттерінде болып, олардың қызметтік жұмыстарын ұйымдастыру барысымен танысты.

Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларының азаматтармен жұмыс жүргізуі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруы және қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстары назарға алынды.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларының қызметтік құжаттамалары, бекітілген әкімшілік аумақтағы жедел ахуал, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар және тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарын қарау барысы зерделенді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT