Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қала прокуратурасы ескертеді

 

Құрметті ата-аналар!

А.ж өткен мерзімінде балалардың терезеден құлауының 17 фактісі тіркелді
Балалар түрлі дене жарақаттарын алып, оның ішінде 1 бала терезеден құлау салдарынан қаза тапты.

Кала прокуратурасы балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу мақсатында көпбалалы отбасылардың тұрғылықты мекенжайларына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрғын үйлердің терезелеріне арнайы қауіпсіздік блокираторлары орнатты.

Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге қажеттігін ескертеміз.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, терезе алдына жиһаз бен басқа да заттарды қоймаңыздар, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатыңыздар.
Москит торы баланы құлаудан қорғамайтынын есте сақтаңыздар.

Сонымен қатар, қала прокуратурасының ұйымдастыруымен жаңадан салынып жатқан жатырған тұрғын үй кешендерінің терезелеріне пайдалануға бергенге дейін блокираторларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – әрбір ата-ананың басты міндеті.

Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT