Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҰЙЫМШЫЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІК

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы халықтың кең қолдауына ие болған ауқымды шара. Бұл бастама тек тазалық шарасы емес, туған жерге деген құрмет пен жанашырлықтың айқын белгісі.

Табиғатты аялау, айналаны таза ұстау – тек сенбілікте ғана емес, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы керек. Таза көше, таза аула, таза табиғат – халық мәдениетінің көрінісі. Осындай игі бастамалар адамдарды бірлікке, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелейді. Әсіресе жастар үшін бұл акцияның тәрбиелік мәні зор. Осы орайда бізде көшемізбен тазалық шарасына өз үлесімізді қосып сенбілікке шықтық. Бұл бір күндік шара болған жоқ. Балаларымызға тазалық, бірлік, ұйымшылдықтың үлгісін көрсеттік. Әрқайсымыз тазалықты өзімізден бастасақ, еліміз одан әрі көркейіп, табиғаты таза, болашағы жарқын мемлекетке айналары сөзсіз.

Орынша ӘЖІҒАЛИЕВА,

 аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT