Ағымдағы жылдың 15-19 маусым аралығында Қызылқоға ауданы көлемінде «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасын жүргізу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері ауылдық елді мекендерде профилактикалық рейдтік жұмыстар жүргізіп, тұрғындармен түсіндірме әңгімелер өткізуде.
Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы тексеріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастырылуда. Аудан тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Қызылқоға ауданы полиция бөлімі



