10 тамыздан бастап көлік инфрақұрылымы нысандарында қоғамдық тәртіпті нығайтып, заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында «Көліктегі құқықбұзушылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара 14 тамызға дейін созылады. Әрбір азамат заң талаптарын қатаң сақтап, қоғамдық орындарда мәдениетті әрі жауапты мінез-құлық танытуы тиіс. Бұл ретте, вокзалдар мен пойыздарда темекі шегіп, алкогольдік ішімдік ішуге, бөтеннің мүлкіне қол сұғуға және басқа да құқық бұзушылықтарға жол берілмейді
Төтенше жағдайлар орын алғанда полиция қызметкерлерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындау міндетті.
Аманжан ТЕМІРОВ,
Сағыз стансасындағы көліктегі полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны



