“КазМұнайГаз Инжиниринг” компаниясында JasUp жобасының үздік оқушыларына арналған «Иженермен 1 күн” атты кәсіби бағдар беру акциясы ұйымдастырылды. Қатысушылар инженер мамандығымен және ірі компаниядағы жұмыс процесімен тәжірибе жүзінде танысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара бағдарламасы міндетті қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталды. Одан кейін оқушылар үшіе кеңсе ішінде экскурсия ұйымдастырылып, ұжыммен таныстыру және компанияның негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат беру шаралары ұйымдастырылды. Қатысушылар үшін алты зертхананы аралау ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда оларға заманауи құрал-жабдықтар мен технологиялар көрсетілді. Бұдан соң әрбір оқушы инженерге бекітіліп, мамандардың жұмыс орны және күнделікті қызметімен жақынырақ танысты. Кездесу қорытындысы бойынша JasUp жобасының жоба менеджері Асқар Алдан пікір білдірді:
«Мұндай іс-шаралар оқушыларға мамандықтың ерекшелігін тереңірек түсінуге және болашақта таңдауды саналы түрде жасауға көмектеседі. Инженерлермен тікелей қарым-қатынас жасап, жұмыс ортасына ену — теориядан әлдеқайда тиімді».
Ұйымдастырушылар компанияға жоғары деңгейдегі ұйымдастыруы, қонақжайлығы және жастардың дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.



