Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ИНДЕРДЕ КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Ауданда кезекті «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мекемелер мен кәсіпорындардың шамамен 125 қызметкері қатысып, қоқыс полигоны маңындағы аумақты ретке келтірді.

Жалпы сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар, қураған бұталар мен өсімдік қалдықтары жиналып, арнайы техникалардың көмегімен 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – ауданның экологиялық тазалығын күшейту, тұрғындар арасында табиғатты аялауға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Құрметті тұрғындар!
Таза орта – өзімізден басталатын игілікті іс. Қоршаған ортаны қорғау, оған ұқыптылықпен қарау – бәріміздің борышымыз. Табиғатты сақтауға бағытталған осындай игі шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Дендер Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT