Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Индерборда ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Индербор кентінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

1001802173 7

Игі іске ауданның 35 мекемесінің қызметкерлері қатысып, кент көшелері мен қоғамдық орындарды тазалауға атсалысты. Сенбілік барысында көше бойлары қоқыстан аршылып, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

1001834354

Тазалық жұмыстары бір күндік науқанмен шектелмейді. Алдағы уақытта да аудан аумағын абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Туған жердің тазалығы – ортақ жауапкершілік. Индербордың ажары мен тазалығын сақтау әр тұрғынның күнделікті дағдысына айналғанда ғана елді мекеннің көркі де кіре түсетіні анық.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT