Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Индер ауданында 31,4 шақырым жолдың құрылысы жүргізілуде

Аудан орталығындағы «Болашақ» шағын ауданында бүгінде 11,3 шақырым жол мен жаяу жүргіншілер жолы құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, осы айда «Шығыс» шағын ауданында көлік қатынасын жақсартуға бағытталған жаңа инфрақұрылымның құрылысы басталады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сондай-ақ, Индербор кентінде 10,4 шақырым ішкі көшелер жаңартылуда. Жарсуат ауылында 3,2 шақырым, Құрылыс ауылында 1,5 шақырым жол салынуда. Осылайша, аталған елді мекендердің инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда.

"Биыл Құрылыс, Жарсуат ауылдары мен "Шығыс" шағынауданындағы жол құрылысы толығымен аяқталады. Қалған жобалар бөлінген бюджетке қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады", - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT