Қазір аудан орталығындағы Болашақ ықшамауданында 11,3 шақырымды құрайтын автомобиль және жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қарқын алды. Сонымен қатар осы айда Шығыс ықшамауданында да тұрғындардың қатынасын жеңілдетуге бағытталған жаңа инфрақұрылым құрылысы басталады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұдан бөлек, Индербор кентінде жалпы ұзындығы 10,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Жарсуат ауылында 3,2 шақырым, ал Құрылыс ауылында 1,5 шақырым жол салынып, елді мекендердің инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда.
– Биыл Құрылыс, Жарсуат ауылдарындағы және Шығыс мөлтек ауданындағы жол құрылыстары толық аяқталады. Ал қалған жобалар бөлінетін бюджет көлеміне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, — деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.


