Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФРАНЦИЯ ПРОФЕССОРЛАРЫ АТЫРАУДА:  TOTALENERGIES TESS БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Utebayev University-де TotalEnergies компаниясының «Тұрақты даму мектебі» (TotalEnergies Sustainability School - TESS) халықаралық білім беру бағдарламасы өз жұмысын бастады. Бұл жоба әлемдік энергетикалық озық тәжірибе мен қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің ғылыми-инженерлік әлеуетін тоғыстыратын бірегей алаңға айналды.

13-17 сәуір аралығында өтетін бағдарлама аясында университеттің 200-ден астам білімгері  мен серіктес компаниялардың мамандары энергетикалық трансформация және тұрақты даму салалары бойынша дәрістер тыңдайды. Жоба Қазақстан мен Франция арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуды көздейді.

Биылғы бағдарламаның ерекшелігі – алғаш рет оффлайн форматта өткізілуде. Бұған дейін 2020 жылдан басталған серіктестік аясында TESS мектебі екі рет онлайн режимде ұйымдастырылған болатын.

Бағдарлама барысында Франциядан арнайы келген TotalEnergies компаниясының тәжірибелі профессорлары Оливье Ренуар, Роберто Фиорентино, Бернар-Мишель Карнуо және Робер Пеллетье қатысушыларға өндірістік кейстер мен халықаралық стандарттарды таныстырады. Дәрістер жасанды интеллект және цифрлық трансформация, деректерді басқару, мұнай өңдеу және мұнай-химия саласы, логистика және тұрақты даму стратегиялары тақырыптарын қамтиды.

Utebayev University Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова жоба маңызын атап өтіп, жоғары білім мен индустрия интеграциясы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың негізі екенін айтты. «Осындай халықаралық бастамалар студенттердің кәсіби дамуына және еліміздің төмен көміртекті болашағын қалыптастыруға үлес қосады», - деп атап өтті ректор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT