Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Форумда жастар тәрбиесінде отбасы құндылықтарының маңызын айтылды

 “Отбасы және гендер” республикалық форумына арнайы келген Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина «Шығыс Қазақстан облысы жастарының адами капиталын дамыту және гендерлік саясатты іске асырудағы университеттің стратегиялық әріптес ретіндегі рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

Ректор жастардың адами капиталын дамытуда жоғары оқу орындарының рөліне тоқталып, білім берумен қатар ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтті.

 «Бүгінгі форумның маңызы зор. Біз Шығыс Қазақстан облысынан комиссия мүшелері ретінде келіп отырмыз. Университет тек білім мен ғылымды дамытып қана қоймай, жас ұрпаққа тәрбие де беруі керек. Ең алдымен өзіміз отбасы құндылықтарын сақтап, жастарға соның маңызын түсіндіруіміз қажет. Оларды дұрыс бағытқа жетелеу – ортақ міндет», – деді Сәуле Жәдігерқызы.

Оның айтуынша, форум отбасылық құндылықтар мен гендерлік саясат мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беріп отыр. Іс-шарада әрбір спикер өз тәжірибесімен, тың идеялары және жобаларымен бөлісіп, қатысушыларға пайдалы тәжірибе ұсынды. Ректор мұндай кездесулер жастар саясатын жетілдіруге, адами капиталды дамытуға және қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

 Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT