Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің жаңа мүшелеріне куәліктер табысталды

 Атырау облысы полиция департаментінде есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынға кеңес мүшелері мен учаскелік полиция инспекторлары қатысып, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылған айлық аясында атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен кеңес мүшелерімен екінші жартыжылдықта өткізілетін іс-шаралар талқыланды. Жиын барысында кеңестің қызметіне талдау жасалып, жаңа мүшелер қабылданып, оларға куәліктер табысталды.

 Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы күреске қосқан үлесі мен қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарғаны үшін бірқатар жоғары нәтиже көрсеткен азаматтар мен полиция қызметкерлері Атырау облысы полиция департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өңірдегі есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған алдағы бастамалар талқыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT