Еркінқала ауылында жаңа спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталған нысанды келер жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланған.
«Еділстрой» мердігер мекемесінің учаске бастығы Руслан Қожахметовтің айтуынша, екі қабатты спорт кешенінің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды.
Кешенде бокс, күрес, футбол және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар болады. Сонымен қатар аумақта жазғы футбол және баскетбол алаңдары қарастырылған.
Қазір құрылыс алаңында 25 адам жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгіліне дейін ғимараттың терезелері мен шатыры жабылып, ішкі жұмыстарға кірісу жоспарлануда. Ал ішкі әрлеу және сылақ жұмыстары басталған кезде жұмысшылар саны 70–80 адамға дейін артады.
Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға ықпал етпек.




