Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ербол Хамитов — Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиаданың пара шаңғы жарысының финалында өнер көрсеткен қазақстандық Ербол Хамитов үздіктердің қатарынан көрініп, ел қоржынына қола жүлде салды. Қарсыластарының мықтылығына қарамастан, ол жарыс бойы жоғары қарқын сақтап, соңғы метрлерге дейін табандылық танытты.

Республика туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп өтіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыста бірінші орынды қытайлық Лю Цзысюй (2:28.9), ал екінші орынды бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера (2:29:9)иеленді.

Аталған дисциплинаның іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Алайда олар іріктеу кезеңінен өте алмады.
Ертең ұлттық құраманың спортшылары осы спорт түрінен 10 км интервалды жарыс бойынша бақ сынайды.

Бұл жүлде ұлттық құраманың қысқы паралимпиададағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Спортшының бұл жетістігі – ұзақ жылғы дайындықтың, бапкерлер еңбегінің және команданың жүйелі жұмысының нәтижесі деп білемін.

Осылайша, Олимпиадада Михаил Шайдоров бастаған жеңісті жолды Паралимпиадада Ербол Хамитов жалғастырып, отандық спорт жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT