Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Елде 30,1 млн тонна мал азығы дайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі уақытта 24,1 млн тонна шөп дайындалды, бұл жоспардың 94%-ына тең. 

Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасып жатыр.

Облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдағы қыс мезгілінде малды қорада ұстау кезеңіне қажетті 30,1 млн тонна мал азығын дайындады. Бұл жоспарланған көлемнің шамамен 73%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта 24,1 млн тонна шөп дайындалды, бұл жоспардың 94%-ына тең. Сонымен қатар 2,2 млн тонна пішендеме (жоспардың 96,2%-ы), 1,1 млн тонна құнарлы жем, 837,8 мың тонна сүрлем және 1,8 млн тонна сабан әзірленді.

Қысқы кезеңде мал шаруашылығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және сақтандыру қорларын қалыптастыру мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 201,3 мың тонна астық көлемінде жемшөп қорын жасақтады. Қажет болған жағдайда бұл қор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөппен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізіліп жатқан мониторинг пен резервтердің уақтылы қалыптастырылуы мал шаруашылығы шаруашылықтарын қажетті жемшөп базасымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы кезеңнен тұрақты өтуге бағытталған. 

Айта кетелік ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға 350 млрд теңге бөлінген еді

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT