Әрбір мемлекеттің дамуы мен тыныштығы заң мен тәртіпке байланысты. Заң – қоғамдағы адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ереже. Ал тәртіп – сол заңдарды сақтау мен орындау.
Заң мен тәртіп бар жерде әділдік, қауіпсіздік және тұрақтылық болады. Адамдар заңды құрметтеп, тәртіпті сақтағанда қоғамда тыныш өмір қалыптасады. Мысалы, жол ережесін сақтау, қоғамдық орындарда мәдениетті болу, үлкендерді сыйлау – тәртіптің қарапайым үлгілері. Егер әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда құқық бұзушылық азаяды. Заң барлық адамға бірдей. Ол адамдардың құқығын қорғайды және әділетсіздікке жол бермейді.
Сондықтан әр азамат заң талаптарын орындауға міндетті. Әсіресе жастардың құқықтық сауатты болуы маңызды. Себебі заңды білетін адам өз құқығын қорғай алады және өзгенің құқығын бұзбайды. Заң мен тәртіп – ел бірлігінің негізі. Заңды сыйлап, тәртіпті сақтайтын қоғам ғана дамыған әрі қауіпсіз мемлекет құра алады. Сондықтан әр адам заңға бағынуды өз міндеті деп түсінуі керек.
Базаргүл ӘБДУАЛИЕВА,
аудандық сот әкімшісінің бас қорғай


