Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Экологиялық акция жалғасуда

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының қатысуымен тазалық және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жасақ сарбаздары саябақтар, аллеялар, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды күтіп-баптау және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда.

Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай игі шаралар ауданның санитарлық тазалығын жақсартып қана қоймай, жастардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT