Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Доссорда қоқыс тастаған тұрғын жауапқа тартылды

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Мақат ауданында қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Мақат аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері бірлескен рейд барысында Доссор кентінің аумағын тексерді. Тексеру кезінде белгіленбеген жерге қоқыс тастау және рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін орналастыру фактілері анықталды.

1001724883

Анықталған дерек бойынша кінәлі тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңға сәйкес тиісті шара қабылданды.

Мамандардың айтуынша, елді мекеннің тазалығы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына емес, тұрғындардың да жауапкершілігіне байланысты. Қоқысты белгіленбеген жерге тастау қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Полиция мен жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастап, қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын сақтауға шақырады.

«Таза Қазақстан» тазалықты өз ауламыздан, өз көшімізден бастауға үндейді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT