Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Әділет» партиясының араласуымен Алмалыдағы жол құрылысы жоспарға енгізілді

«Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған мобильді қоғамдық қабылдаудан кейін Атырау қаласы Алмалы ауылындағы жол мәселесін шешу бағытында нақты қадам жасалды. Партия өкілдерінің араласуымен 22 көшеге тас жол төсеу жобасы келер жылдың екінші тоқсанында іске асырылатын жобалардың қатарына енгізілді.
Қабылдауда тұрғын Б.Ж. ауылдағы тасжол төселмеген көшелердің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, жауын-шашынды күндері көшелермен жүру және көлік қозғалысы қиындайды.

– Жауынды күндері тасжол төселмеген көшелермен жүру де, көлікпен қатынау да қиындайды. Бұл мәселе ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр, – деді тұрғын.
Тұрғынның өтінішінен кейін партия өкілдері Атырау қалалық жол бөлімінің мамандарымен бірге мәселені жан-жақты зерделеді. Мобильді қоғамдық қабылдаудың нәтижесінде Алмалы ауылындағы жалпы ұзындығы 13,2 шақырым болатын 22 көшеге тасжол төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, қазір жобаға қажетті қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. 
Жыл соңында бюджет нақтыланған кезде қаражат бөлу мәселесі де партияның бақылауында болады. Партия өкілдері жобаның жүзеге асу барысын тұрақты түрде қадағалап, тұрғын көтерген мәселенің толық шешілуіне басымдық береді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT