Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ДЕРБЕС ДАМУ ЖОЛЫН БЕЛГІЛЕЙДІ

Жаңа Конституцияны еліміздің даму бағытын айқындайтын негізгі құқықтық құжат ретінде қабылдаймын. Онда мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қатынастардың басты қағидаттары жүйелі түрде көрсетілген деп ойлаймын.

Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына басымдық берілуі құқықтық мемлекеттің негізін айқындайды. Заң үстемдігі мен теңдік қағидаттарының сақталуы қоғам тұрақтылығының басты шарты. Мемлекеттік тілдің мәртебесінің нақты бекітілуі ұлттық бірегейлікті нығайтып, мәдени құндылықтардың сақталуына ықпал етеді. Бұл елдің рухани тұтастығын қамтамасыз ететін маңызды негіз деп санаймын. Тәуелсіздік пен егемендіктің конституциялық деңгейде айқындалуы еліміздің дербес даму жолын белгілейді. Аумақтық тұтастықтың қорғалуы мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Басқару жүйесіне қатысты нормалардың нақтылануы мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ашықтық пен есептілік қағидаттары қоғам сенімін күшейтуге ықпал етеді. Жалпы алғанда, Жаңа Конституция еліміздің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын және қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін маңызды құқықтық тірек болып табылады.

Серікбай ТАПАЕВ,

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT