Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Департаментте серіктестік туралы меморандумға қол қойылды

Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Базаров №5 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ зардап шеккен тұлғаларға құқықтық-ақпараттық қолдау көрсету және агрессорларға психологиялық көмек беру. 

Меморандум аясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері ай сайын ажырасу сатысындағы отбасылармен, сондай-ақ агрессор тұлғалармен профилактикалық бағыттағы семинарлар мен тренингтер ұйымдастыратын болады. Бұл шаралар қоғамдағы отбасылық құндылықтарды насихаттауға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT