Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады.
Сарапшы пациент үшін реформалардың тиімділігі нақты дүниелермен өлшенетінін түсіндірді. Яғни дәрігерге дер кезінде қаралу, қажетті тексеруден өту және тиісті дәрі-дәрмектерді алу мүмкіндігі маңызды. Яғни адам кепілдік берілген көмекті қаншалықты жылдам ала алады, қажетті тексеруден дер кезінде өте ала ма, мемлекет уәде еткен дәрі-дәрмектерді ала ма – мәселе осында. Адам барлық реформаны, негізінен, осы көрсеткіштер арқылы бағалайды, – деп атап өтті ол.
Қалиғожиннің айтуынша, дәл осы өмір сүру сапасы қазіргі электоралдық күн тәртібінің негізгі бағдарларының біріне айналуы тиіс. Ол сондай-ақ Құрылтайдың жаңа құрамында конституциялық кепілдіктерді азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін нақты әрі өлшенетін көрсеткіштерге айналдыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.



