
Атырау облысының әкімі Мақат ауданына жұмыс сапары аясында инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен, әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайымен және бірқатар нысандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аймақ басшысы “Евразия”индустриялық аймағына, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжіне, апатты деп танылған тұрғын үйге, Жастар ресурстық орталығына, теміржол вокзалына, аудандық ауруханаға, “Әлеуметтік кеңсеге” және полиция бөліміне барды.
Болат Ақшолақов сапар соңында инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді, сұранысқа ие кадрларды даярлау жұмысын күшейтуді, аудандық аурухананың жаңа корпусын салу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және аудан инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ ол берілген тапсырмаларды тұрақты бақылауда ұстап, жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қамтамасыз етуді жүктеді.









