Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БОЛАШАҚҚА ҚАЛДЫРАР БАЙЛЫҚ

Табиғат - бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауданымыздың, ауылымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл желек, өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз. Себебі, бұл тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажет.

Жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер, атамекен ұғымдарымен қатар тұрады. Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашуын, жастайынан балалардың санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталады деп ойлаймын. Мәселен, жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу әр отбасынан басталуы керек. Ендеше, қашанда табиғатты аялайық. Ол өктемдікті көтермейді. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз. Болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сол себепті, табиғатқа жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін ұмытпағанымыз абзал.

 Дулат МЫРЗАГЕРЕЕВ,

 Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT