Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ НЕСІБЕСІ

 Қаракөл өңірі – байтақ жайылымы мен шүйгін шөбімен ежелден мал ұстауға қолайлы мекен. Бұрынғы уақытта бір шөптің қадірін, судың қасиетін түсінетін едік. Ата-бабаларымыз жаз жайлау, қыс қыстау болып, әр маусымға қарай көшіп-қонып жүріп, табиғатты аялап өсті.

Жерді таптап, тоздырып алмау – әр шаруагердің борышы болатын. Қазір мал шаруашылығы заман талабына сай өзгеріп жатса да, табиғатпен үндестікті сақтау қажет. Су көздерін тазалау, жайылымды күтіп ұстау, қоқысты табиғатқа тастамау – мұның бәрі ұрпақтың санасына сіңуі керек. Біз ардагерлер ретінде жастарға үнемі айтып отырамыз: туған жеріңнің табиғатына жанашыр бол. Себебі бұл жер – ата-бабамыздың аманаты, болашақ ұрпақтың несібесі.

Иғали ІЗТҰРҒАНОВ,

Жамбыл ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT