Конституциядағы әрбір сөз — жай сөз емес, ұлттың болашағы. Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, Парламенттің рөлін арттыруға бағытталған.
Конституциялық Соттың құрылуы азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтеді. Адам құқықтарына басымдық берілуі – оң өзгеріс. Алайда реформалардың тиімділігі олардың нақты іске асуына байланысты. Қазақстан қазір маңызды тарихи кезеңге қадам басып отыр. Жаңа Конституция қабылдауға дайындық жүріп жатыр. Бұл үрдіске бүкіл қоғам қатысады. Ал, соңғы шешімді халық референдумда қабылдайды. Конституцияда мәдениет, білім, ғылым және инновация негізгі құндылық ретінде бекітілуі өте маңызды. Жаңа нормалар жас педагогтар мен ғалымдарға мүмкіндік береді, болашағымыздың дамуына жол ашады.
Жеңісбек ҚОЖАҒАЛИ,
Ш.Еркінов атындағы орта мектептің мұғалімі




