Әр адам өзiнiң қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге құқылы. Бұл – жаңа Конституциясы жобасының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген негізгі адам құқықтарының бірі.
Яғни төлқұжат, жеке куәлік немесе сауалнамаларда ұлтын көрсету немесе көрсетуден бас тарту азаматтың өз еркінде. Ешкімді ұлтын көрсетуге мәжбүрлеуге болмайды. Бұл құқық жеке тұлғаның өз этникалық тегін таңдау еркіндігін қорғайды. Ал аталмыш баптың 2-тармағында көрсетілгендей әр адамның ана тілі мен төл мәдениетiн қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркiн таңдауға құқығы бар. Бұл қағида мемлекет ішіндегі барлық этностардың мәдени мұрасын сақтауды, этникалық бірегейлікті құрметтеуді және қоғамдағы тілдік теңдікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мәдениет пен тілдерді құрметтеу, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау міндеттерімен тығыз байланысты. Осы ретте жаңа Конституция тек заңнамалық өзгерісті емес, татулықты, бірлікті де қалыптастыруға бағытталған құжат екендігі байқалады.
Әділ СӘРСЕНҒАЛИЕВ,
ауданның құрметті азаматы




