Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Бір миллион теңгелік грантқа кімдер ие болады?

Бүгін Атырау облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының қорытынды кезеңі өтуде. Қазіргі уақытта екінші кезеңге өткен қатысушылар комиссия мүшелерінің алдында өз жобаларын қорғап жатыр.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» арнайы гранты 2021 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен жастардың әлеуметтік маңызы бар және инновациялық жобаларын қолдау мақсатында тағайындалған.

1001698098

Гранттың негізгі мақсаты – белсенді әрі шығармашыл жастардың жаңа бастамаларын жүзеге асыруға мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

Биыл конкурс 6 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Олар – «Ғылым», «Медиа», «IT», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік». Әр бағыт бойынша құны 1 миллион теңге болатын екі грант қарастырылған. Осылайша, биыл барлығы 12 жоба қаржылай қолдауға ие болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жобаға 200-ге жуық өтінім қабылданып, олардың 107-сі қорытынды кезеңге өткен.

Атырау облысы Жастар ресурстық орталығының маманы Әли Төлегеннің сөзінше, биыл қатысушылардың ең жоғары белсенділігі бизнес бағытында байқалған.

– Конкурстың алты бағытының ішінде бизнес бағытына ең көп өтінім түсті. Бұл бағыт бойынша 50-ге жуық жоба ұсынылды. Қатысушылардың басым бөлігі робототехника, IT және басқа да заманауи бағыттар бойынша өз бастамаларын ұсынды, – деді ол.

1001698095 1

Сондай-ақ, қорытынды кезеңде өз жобасын қорғағандардың қатарында облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның мұғалімі Салтанат Үмбеталиева да бар. Ол мектеп оқушыларының кітапты тиімді оқу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жобасын ұсынды.

– Мен конкурсқа мектеп оқушыларына кітапты тиімді оқу әдістерін үйретуге арналған жобамды ұсынып отырмын. Оның мақсаты – балаларды кітап оқуға ғана емес, оқыған ақпаратты түсініп, есте сақтап, оны өмірде қолдана білуге үйрету. Жоба аясында тиімді оқу техникасы, есте сақтау әдістері және мәтінді талдау тәсілдері қамтылған. Кітапты дұрыс оқуды меңгерген оқушы алған білімін оқу барысында да, болашақ өмірінде де тиімді пайдалана алады, – дейді конкурсқа қатысушы.

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша сарапшылар комиссиясы әр бағыттағы үздік жобаларды анықтап, грант иелерін жариялайды.

Ботагөз ИСАТАЙ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT