Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығының басты кепілі. Қоғамдағы әділдік орнап, адамдар өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінген жағдайда ғана елде тыныштық пен қауіпсіздік сақталады.
Сондықтан заңды құрметтеу және тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың борышы. Заң – қоғамдағы қарым-қатынастарды реттейтін негізгі ереже. Ол адамдардың құқықтарын қорғап, әділдікті қамтамасыз етеді. Егер заң сақталмаса, қоғамда тәртіпсіздік, келіспеушілік пен түрлі құқық бұзушылықтар көбейеді. Ал заңды құрметтеген қоғамда адамдар бір-біріне сеніммен қарап, өзара сыйластықта өмір сүреді. Тәртіп – адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Тәртіпті адам қоғам ережелерін сақтап, өзгелердің құқығын құрметтейді. Мектепте, жұмыста, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау – қоғамның дамуына оң әсер етеді. Бұл әсіресе жастар үшін өте маңызды. Өйткені жас ұрпақ заңға бағынуды ерте жастан үйренсе, болашақта жауапты әрі саналы азамат болып қалыптасады. Заң мен тәртіп – елдің берекесі мен бірлігінің тірегі. Әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаса, қоғамда тұрақтылық орнап, мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосылады. Заңды сыйлау – өз болашағымызды сыйлау.
Думан ҚОЖАХМЕТОВ,
Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы


