Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Бейнебақылау камерасы арқылы анықталған құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылды

фото видеодан алынды

Атырау қаласында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытындағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Әйтеке би көшесіндегі Хамит Ерғалиев атындағы ескерткіш маңында азаматтың қоғамдық орында темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастағаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша полиция қызметкерлері 23 жастағы азаматтың жеке басын анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысы полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырады. 

Әрбір азаматтың жауапкершілігі – өңірдің тазалығы мен тәртібіне қосқан үлесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT