ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлау деректерінің көбейгенін ескертеді.
Балалардың қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты жауапкершілігі. Өкінішке қарай, көп жағдайда қайғылы оқиғалар ересектердің қарауынсыз қалған сәтте орын алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
– Терезеге жақын жиһаздарды (орындық, үстел, диван) қоймаңыз
– Терезелерге арнайы қорғаныс құлыптарын орнатыңыз
– Масадан қорғайтын тор баланы ұстап қала алмайтынын ұмытпаңыз
Есіңізде болсын: бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Балаларыңыздың қауіпсіздігі – өз қолыңызда!
Атырау облысы ТЖ департаменті




