Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Бақытты балалық шақ» атты арт-терапиялық тренинг өтті

1-маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды . Мемлекет ұстанып отырған «Заң мен тәртіп» қағидасы әр баланың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуін қамтамасыз етуді басты мақсат етеді . Осыған байланысты 2026 жылдың «Қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы деп жариялануы – қоғамның барлық мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені баланың құқығы мен амандығы – өркениетті қоғамның ең негізгі құндылықтарының бірі. 

Осы бағытта студенттерге арналған «Бақытты балалық шақ» атты арт-терапиялық тренинг өтті . Шараның мақсаты – жастардың эмоциялық жағдайын жақсарту, ішкі күйзелісті азайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және балалық шақпен байланысты жылы естеліктер арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық және шығармашылық жаттығуларға қатысты . «Шаттық шеңбері» кезеңінде олар өз балалық шағындағы ең есте қалған бақытты сәттерін бір сөзбен сипаттап, қуаныш, достық, ойын , күлкі сияқты ұғымдар арқылы естеліктерімен бөлісті. Бұл бөлім топ ішінде жылы әрі сенімді атмосфера қалыптастырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT